Көзі оттай [сексеуілдің шоғындай] жайнады

lat: Kózi ottaı [sekseýildiń shoǵyndaı] jaınady

Жалтылдап, жалт-жұлт етті. Тайшым әлі жүресінен отыр, Қызарған екі к ө з і о т т а й ж а й н а й д ы (С.Шәріпов, Бекболат). Ұзын бойлы, қыр мұрын, шашы бейне қара бұйра бөрікті к ө з д е р і о т т а й ж а й н а ғ а н өте сұлу жігіт кіріп келді (Ж.Жүмақанов, Махаббат.). Баланың жүзінде әп-сәтте шаттық нышаны ойнап шыға келді, оның к ө з д е р і о т т а й ж а й н а п, өңіне шырай кіре бастады (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Болғанмен жолдасы жоқ жалғыз өзі, Ш о ғ ы н д а й с е к с е у і л д і ң ж а й н а п к ө з і (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).