Көзінің еті өсті

lat: Kóziniń eti ósti

Дандайсыды, асқақтап кетті, асып-тасты.

Нұржан Құдайын ұмытты, көзінің еті өсті, - деді Ақанның жанындағы тракторшы айқайлап (З.Шашкин, Өмір.).

Бүгін енді өз алдына ауыл болып түтін түтеткен соң, қымызға тойып, бүйірің шыққан соң, көз еттерің өсейін деген екен (А.Нұрманов, Құлан.).