Күйзеліс, күйзелушілік, дағдарыс

lat: Kúızelis, kúızelýshilik, daǵdarys

Жұман үй ішінің әлпетінде бір күйзеліс барын байқады (Ғ. Мүсірепов). Оның түсі суық, қабағында терең кейіс, күйзелушілік бар (Д. Досжанов). Дағдарысқа ұшырап, Жауар бұлттай түнерген, Ойлар билеп қысырақ, Бір тұйыққа тірелген (А. Шамкенов).