[лат. culmen] зат. 1. астр. Жарық көзінің меридианды бойлап өтуі. Күннің көрінерлік дискісі центрінің екі жоғарғы к у л ь м и н а ц и я с ы арасындағы уақыт аралығы шын күн тәулігі деп аталады (Астрономия). 2. муз. Шарықтау шегі (дамудың, өрбудің, оқиға желісінің ең биік кезеңі, шиеленісудің ақтық нүктесі). Күйдің к у л ь м и н а ц и я с ы н д а Құрманғазыға тән күш анық сезіліп тұр (А.Жұбанов, Құрманғазы). Бұл ария Абайға берілген лирикалық мінездеменің шоқтығы, бүкіл опералық шығарманың к у л ь м и н а ц и я с ы дейміз (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов).