КУЛЬТИВАЦИЯ

lat: KúltIVASIaÁ

[лат. cultus] зат. егін шар. Егістік жерді жұмсартып өңдеу, қопсыту, арам шөпті отау, минерал тыңайтқыштарын шашу, түптеу жұмыстары. Жаз айларында екі бағытта салынған к у л ь т и в а ц и я, үстеп қоректендіру, ызалатып суару, қозалардың түп саны түгел плантацияны күн санап құлпыртты (Ақ бидай). Сәскеге жақын Сейітбек к у л ь т и в а ц и я салып жүрген қозалықтағы сушы Жұман қартты көрді (О.Тәжиева, Қара қолғап).