Күміс бромиді

lat: Kúmis bromıdi

хим. Бромды күміс, күмістің броммен қосылысы; сары түсті кристалды зат. К ү м і с б р о м и д і аммиак, бромды сутек қышқылы, натрий тиосульфаты және калий цианидімен әрекеттесіп, суда еритін комплексті қосылыстар түзеді (ҚСЭ). К ү м і с б р о м и д і жарық әсерінен ыдырайды. Табиғатта ол күміс хлоридімен бірге кездеседі (ҚСЭ).