Күміс хлориді

lat: Kúmis hlorıdi

хим. Хлорлы күміс, күмістің хлормен қосылысы, ақ түсті кристалды зат . К ү м і с х л о р и д і аммиак, тұз қышқылы, натрий тиосульфаты және калий цианидімен әрекеттесіп, суда ерімтал комплексті қосылыстар түзеді әрі жоғарыдағы аталған заттардың судағы ерітінділерінде жақсы ериді (ҚСЭ). К ү м і с х л о р и д і жарық әсерінен ыдырап, ұсақ қара түсті күміс бөлініп шығады (ҚСЭ).