Күміс жүлдегер

lat: Kúmis júldeger

спорт. Спорт жарыстарынан екінші орын алған спорт шы. Біріншіліктің ең ақтық ойынын қостанайлықтар өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіп, 32 ойыннан 76 ұпай жинап, еліміздің биылғы 12-ші біріншілігінің к ү м і с ж ү л д е г е р і атанды. «Тобылдан» екі ұпайды артық жинаған Павлодардың «Ертісі» бесінші рет чемпион тәжін киіп отыр («Түркістан»).