lat: Kúmis medal
Еңбекте, оқуда және спорт жарыстарында екінші орын алғандарға берілетін, күміс жалатқан медаль.
Бақ иесі 1957 жылы бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінде жүзімнің жаңа сорттары үшін күмісмедальмен наградталып, алтын сағат алған (С.Байжанов, Сыр.). – Мен екінші орынға ие болып, к ү м і с м е д а л ь алдым, – деп аяқтады ол әңгімесін (М.Тоқжігітов, Ән атасы.). Бибі он жылдықты күмісмедальмен бітіріп шықты («Лен. жас»).