мед. Ашық күннің ыстығында ұзақ жүргендіктен немесе ұйықтап қалғандықтан, адамның басы айналып, қызуы көтерілуі, лоқсып құсуы, әлі кетуі. Дала жұмысындағы адамдар к ү н ө т у д е н, ыстық соғудан сақтану керек (Е.Оразақов, Дәрігерлік.). Күн өту салдарынан адамның басы айналып, әлі кетіп қалжырайды. Жүрегі айнып, тыныс алуы жиілейді. Дененің қызуы көтеріліп (38-40 0 С-қа дейін), лоқсып құса бастайды, кейде талып, сіңірі тартылуы да мүмкін. К ү н ө т у көбінесе, ыстық қапырық ауадан болады (ҚҰЭ). Кү н ө т у кезінде мидағы қан айналысы бұзылады (ҚСЭ).