астр. Жерден телескоппен қарағандағы күн табағының бетіндегі әртүрлі дақтар. Көп жылғы ғылыми бақылаулардың нәтижесінде к ү н д а қ т а р ы әрбір 11 жыл сайын көбейіп, әрі күшейіп (максимум) тұратындығы байқалған. Ең соңғы максимум 1957-1958, 1959 жылдары болды. Күн бетінде болып тұратын мұндай максимумдар радио толқындардың берілуі, поляр жарқылы, магнит дауылы, ауа райы, климат т.б. көптеген атмосфералық құбылыстарға әсерін тигізді (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.). Фотосфераның ең негізгі заты Күн бетіндегі дақ 150 миллион километр жерден өте кішкене болып көрінеді. Негізінде к ү н д е г і д а қ өте үлкен, оның көлемі көлденеңінен 10-15 мың километрге барады, бұл жердің көлденең үзындығымен тең. Кей кездерде 200 мыңнан асатын дақ жиі-жиі кездеседі (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).