Күн жүйесі

lat: Kún júıesi

астр. Күннен, оны айнала қозғалатын үлкен ғаламшарлардан, ғаламшар серіктерінен, мыңдаған кіші ғаламшардан стероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Жер мен К ү н ж ү й е с і н і ң пайда болуы жөніндегі мәселе жаратылыстанудың аса маңызды және күрделі мәселелерінің бірі (К.Сапарбайұлы, Геология.). К ү н ж ү й е с і Күннен және тартылыс әсерімен оны айналып жүретін 9 үлкен планета мен олардың серіктерінен, ондағы мың шағын планеталардан, кометалардан, жасынтас денелерден және планетааралық газдан тұратын аспан денелер жүйесі. Ірі планеталар Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Есекқырған, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон (Қаз. тілі термин. Геология).