lat: Kúnder [zaman] uzady
Уақыт өтті, артта қалды.
Тоқта достар, мен айтайын, Бәріңізге ерлер жайын. Сағынамын мен оларды, Ұзап күндер өткен сайын (Ж. Саин, Жорық.).
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» – Деген сөз аятпенен бірдей маған. Алақтап артымызға қарағыштап, Жүргенде-ақ озып, ұзап кетті заман (А.Байтұрсынов, Шығ.).