Күн сәулесінің әсерінен меланин пигменті көбеюінен терінің қоңыр түске боялуы. Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып, терінің зат алмасуы, қан айналысы жақсарады. Терідегі минерал заттарының алмасуын қалыптастыратын «D» витамині молаяды. Сондай-ақ к ү н г е к ү ю әртүрлі тері ауруларын (терлегіштік, қабыршақты теміреткі безеу т.б.) емдеуге пайдалы (ҚСЭ).