Күнкөріс минимумы

lat: Kúnkóris mınımýmy

экон. Бір адамның тұрмыс мұқтажын өтеуге қажет қаржының ең аз мөлшері. К ү н к ө р і с м и н и м у м ы азық-түлік қоржынының ең төмен деңгейдегі бағасы мен қажетті тауарларға және қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең төмен деңгейдегі шығыны өкілетті статистика органы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органында белгіленген үлесіне көбейтіліп есептеледі (ҚҰЭ). Статистикада, ғылыми зерттеулерде, болжауларда к ү н к ө р і с м и н и м у м ы н ы ң көрсеткіші кедейлік шегі ретінде қараладыаз. тілі термин. Экономика). Ең төмен деңгейдегі к ү н к ө р і с м и н и м у м ы жыл сайын кедейлік шегін анықтау; әлеуметтік саясат бағытын айқындау және халықты әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру; жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдердің соңғы анықталған ең төмен мөлшерін белгілеу үшін негіз болып табылады (ҚҰЭ).