үст. Күн өткен сайын, уақыт өте келе. Нұрила Қазизаны к ү н н е н-к ү н г е тек сырлас апай ғана емес, ұстаз тұта бастаған (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). Зерікпес кім көріпті ондай жанды Үстелге әлде мықты ол байланды. Қолынан осы қыздың шыққан қағаз, Қалыңдап к ү н н е н-к ү н г е томға айналды (З.Шүкіров, Арал толқын.). Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі к ү н н е н-к ү н г е артылар, «Бірінші ақынымыз» деп қабіріне халқы жиіжиі зират етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар (М.Дулатов, Шығ.). Мұстапа бойдақ, кедей біраз тұрған, кәсібін к ү н н е н-к ү н г е Тәңірі оңғарған. Аздан соң қатын алып, үй салғызып, Шаһарда сенімдінің бірі болған (Абай, Тол. жин.).