экон. Жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, мауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қоса оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. К ү н т і з б е л і к ж о с п а р л а у тапсырмалар, нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекеттік тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі (ҚҰЭ).