әск. Қарсыластан шешуші басымдылықты қамтамасыз ету үшін, оны талқандап, операцияның (ұрыстың) мақсатына жету үшін күш пен құралдарды (негізгі күш-жігерді) басты, шешуші бағыттарға (іс-қимыл аудандарында) шоғырландыру. К ү ш п е н қ ұ р а л д а р д ы т о п т а с т ы р у д ы ң көрсеткіші шабуылда соққы беру бағыттарындағы және қорғаныста ең маңызды бағыттардағы күштер мен құралдардың тығыздығы болып табылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).