Күзет бекеті

lat: Kúzet beketi

әск. Бөлімшелер мен бөлімдерді тұрақты орналасқан орындарындағы күзеттік қорғау органы. К ү з е т б е к е т і күзет жасақтарынан бөлініп, оның күзет жолындағы қарсыластарды дер кезінде байқап, ол жөнінде күзетілген әскерді ескертіп, қарсыластың шабуылынан өз иемденген позициясын табандылықпен қорғау міндеттерін атқарады (Қаз. тілі термин. Әскери.).