Бір нәрсені күзетіп тұрушы, қорғап сақтаушы. Әлгі ағайынның ері мектепте күзетші, әйелі үй сыпырушы болып жүре береді (Б. Аманшин). Нұқы қарт біраз жылдан бері балық қоймасында қарауылы еді (Ә. Сараев). Уәлихан деген қожа шаһардың қақпашыларын алдап, қорған ішіне кіріп кетіпті (С. Бегалин). Атасы да, әжесі де малға сақшы жалғыз төбеттен айырылдық деп, қатты ренжіген (М. Мағауин). Осы ғимаратты әліпті таяқ деп білмейтін қарауылшы күзететін (Б. Тәжібаев).