Әр шәһәрге қарасаң, Құрулы тұрған күзгі бар, Күзгіні көр де көзім көр! («Ер Тарғын»). Татарша көзге — айна. Түркі тілдерінде ү, о дыбыстары (салыстыр: көз — күз) алмаса береді. Талданып отырған күзгі сөзінің түбірі күз- (көз-) болуы ықтимал, мәні бір нәрсені көрсететін зат дегенді білдірсе керек. Сөз соңындағы -гі (-ге) есім тудыратын (салыстыр: шап-қы, сүз-гі) жұрнаққа ұқсайды (А. Мах.)