мат. Үшінші дәрежелі алгебралық теңдеу. К у б т е ң д е у д і ң жалпы түрі мынадай: ax 3 +bx 2 +cx+d=0, мұндағы a, b, c, d кез келген сандар, a=0 (ҚҰЭ). К у б т е ң д е у д і ң түбірлері Кардано формуласы бойынша (1545, итальян математигі Дж.Карданоның есімімен аталған) анықталады (ҚҰЭ). Егер әл-Хорезми бірінші және екінші дәрежелі (квадрат) теңдеулерді алты канондық түрге келтірген болса, Омар Хайям оларға басқа да түрлер және к у б т е ң д е у л е р д і қосып, барлығы 25 түрлі теңдеуді қарастырады (А.Көбесов, Математика.). К у б т е ң д е у д і ң не бір, не үш нақты түбірі болатыны мәлім (Геометрия).