[лат. cumulatio] зат. 1. мед. Дәрі-дәрмектер мен улы заттардың тірі жан ағзасында жиналуынан олардың тигізетін зиянды әсерінің күшею құбылысы. Адам организмінде биологиялық активті заттардың жиналуын материалды к у м у л я ц и я, ал сол жиналудың салдарынан организмде пайда болған түрлі құбылыстар жиынтығын функционалды к у м у л я ц и я деп атайды (ҚҰЭ). Мысалы, мысықтарға ұзақ уақыт қорғасын препараттарымен әсер еткенде, оларда материалды к у м у л я ц и я болмағанымен, бұлбарлы салдану ауруынан өлетіндері анықталды (ҚҰЭ). 2. физ. Жарылғыш заттың арнайы нысандағы оқтамының жарылыс нәтижесін күшейтетін әсері. 3. қаржы. Сақтандырылған нысандардың белгілі бір шектеулі кеңістікте (бір кемеде, бір айлақта, бір қоймада) жиналып қалуы. 4. лингв. Тіл бірліктерінің ақпаратты жинақтаушы, сақтаушы қызметі («Тілтаным»)