Купфер клеткалары

lat: Kýpfer kletkalary

қосмекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың жəне сүтқоректілердің бауырында капилляр тəрізді тамырлардың (синусоидалардың) ішкі беттерінде орналасқан ретикуло–эндотелиалды жүйенің жұлдызды эндотелиоциттері. 1878 жылы Купфер ашқан. Купфер клеткасы фагоцитоз қызметін атқарады.