КІНӘРАТТАН

lat: KİNÁRATTAN

ет. Ауыру, сырқатқа шалдығу. Нерв жүйесіне токсоплазмоз паразиті орналасқан малдың не жабайы жануарлардың, тышқандардың кейбірі токсоплазмозбен ауырмайды немесе жеңіл түрде ғана к і н ә р а т т а н а д ы (З.Сырғабаева, Токсоплазм.). Ал белдеме тұсының жүйкесі к і н ә р а т т а н с а, белуардан төменгі жақтың бәрі қозғала алмайды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ми к і н ә р а т т а н с а, жан күйін де кешіре алмаймыз. Олай болса, барлық жан күйінің кілті ми қолында екен (Ж.Аймауытов, Шығ.).