КІСІЛІК

lat: KİSİLİK

ертедегі жер жыртуға арналған ағаш соқаның қолмен ұстайтын екі тұтқасының атауы. Жер жырту барысында соқаның тепе-теңдігінің сақталуында К. басты функция атқарды. Оның кісілік деп аталуы да осындай функциясына байланысты болса керек.