КІШІ

lat: KİSHİ

сын. 1. Үлкен емес, кішкене. Алдымен Әзірет Сұлтанның мешітін сөз қылайық. Тапалдақ тамдардың ортасында Әзірет мешіті алыстан таудай бір заңғар боп көрінеді. Төбесінде ерейген-сорайған еш нәрсе жоқ, үш керттеш: 1) маңдайы, 2) ұлы күмбезі, 3) к і ш і күмбезі. Таянып келсек, күйген кірпіштен қаланған, биік шомбал болады да кетеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Азғантай, шағын. Сол жақ шетіндегі к і ш і денеліні Кирсанов деді ғой деймін (С.Мұқанов, Өсу жол.). Қазіргі заманда, дүниежүзінде ұлы державалардан басқа жүзден астам орта және к і ш і мемлекеттер бар (Ә.Шәріпов, Қапаста.). 3. Жолы яки қызмет бабы, лауазымы жағынан төмен, кішірек. Ойбай, к і ш і басқарма келіп қалды Түрулі іргеден бәрі жапырыла қарады (Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл). Үлкен ұры к і ш і ұрыға сенбейді (Мақал). К і ш і ақынды шымшиды Нән министр Нұрбаев, Жыр мінезі әрқилы Жеңілдете жырлайық (Қ.Аманжолов, Шығ.). 4. Жасы кіші, кенже, жас. Қонақтарды тыста Ысмайылдың к і ш і баласы Қасымжан екі-үш жігітпен қарсы алып, үйге кіргізді (М.Әуезов, Қараш.). Алдында ақсақалдың бітіспесе, Белгісі болушы еді жаудың ісі. Аға айтса тыңдаушы еді жасы к і ш і, Болмайды тіл алғаннан басы кіші (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Ұлы Жәкең Ұлы Абайдан бір-ақ жас к і ш і (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). // Жасы кіші, жас адам. Лашын өрлеп ұша алмай, Ер майданға түсе алмай, Үлкеннің тілін к і ш і алмай, Елдегі жақсы бұзылды (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Сол адамның бірі - мен Көп нәрсеге сүйінем, Көп нәрседен түңілем. Сәл к і ш і г е шалқайып, Сәл үлкенге жүгінем! (Т.Молдағалиев, Шақырады.).