сын. 1. Ұсақ-түйек, анау-мынау. К і ш і г і р і м нәрсеге ұнжырғасы түсе қоймайтын Фольбердің бүгінгі жүзі өрт сөндіргендей (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Қайта осындай к і ш і г і р і м мәселені ферма бастықтарының, зоотехниктердің өзі шешіп, өзі жайғастырып жатпай ма? (С.Бақбергенов, Адам). Әбілқас кейбіреулердің әлгіндей к і ш і г і р і м бұлтағына төзе алмайды. Ашуланып, ренжіп қалады (С.Байжанов, Сыр.). 2. Шағын, орташа, кішкентай. Мен шыққан күнмен бір туғанмын, Өйткені, менде оның көз нұры бар. Әуелде үлкен қала Отырардан Кейін нен к і ш і г і р і м шоқы қалған. Өртеніп өзі күл боп кетсе-дағы, Қаланың көкіректе оты қалған (С. Мәуленов, Алыс к ет. ). Түбегейін айтсақ, ол бөлімше к і ш і г і р і м бір совхозға татиды (Ғ.Сланов, Замана.). Өлең сөздің дестесімін, Өнерде әлі тірімін. Менделеев кестесінің К і ш і г і р і м түрімін! (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан). Күшті қайуан ғой, ол! Ту қойларды, к і ш і г і р і м өгізшелерді құшақтай көтеріп әкете береді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).