lat: Kıbernetıka
(гр. kibernetіке басқару өнері)—техникалық құрылымдардағы, тірі организмдердегі және адамдар ұйымдарындағы процестер мен жүйелердің жалпы белгілері жайындағы ғылым. Кибернетиканың алғашқы принциитері Винердіц еңбектерінде баяндалған. Кибернетиканың пайда болуының алғы шарты бірқатар техникалық және табиғат ғылымдарындағы автоматтық реттеу теориясы саласындағы; жылдам ықпалды қадағалағыш және бағдарлы басқару есептегіш құралдарын құрастыруға мүмкіндік беретін радиоэлектроникадағы ақпар беру және түрлендіру проблемаларын зерттеуге қолдалуға байланысты ықтималдық теориясындағы, математикалық логика мен алгоритмдер теориясындағы; жүйке қызметі физиологиясы мен гомеостазис бойынша қол жеткен жетістіктердің нәтижесінде жасалды.Энергияны немесе заттарды түрлендіретін құрылымдармен салыстырғанда кибернетикалық жүйелердегі өзгешелік мұнда ақпаратты сипаты бар. Басқару жүйесін үйреніп білуде Кибернетика макро-микротәсілдерді біріктіріп қарастырады. Макротәсіл ішкі құрылысы белгісіз болғанда, ақпарлар жүйеге "кіру" «шығу» кезінде (жүйеге келіп түсетін ақпар және жүйе реак-циясы) бақылау жағдайында қолданылады. Микротәсіл басқару жүйесінің ішкі құрылысын және оның негізгі элементтерін айқындаумен байланысты, элементтердің өзара байланысын, олардың жұмыс алгоритдерін және басқару жүйесінің осы элементтерді синтездеу мүмкіндігін білуге мүмкіндік береді. Кибернетиканың орталық проблемаларының бірі - өзін-өзі ұйымдастыратындардың (өзін-өзі күйге келтіре алатындардық) құрылымы жайындағы мәселе. Бұған сыртқы факторлардың кеселді ықпалына қарамастан орнықтылықты сақтауға немесе кейібір күйлерге (немесе өз күйінің сипаттамаларына) жетуге қабілеті бар өзара әсерлесу жүйелерінің иерархияларынан алынған күрделі жүйелер жатады. Өзін-өзі ұйымдастыратындардыц ең үздік үлгілері тірі табиғаттағы эволюциялық процесс арқылы қалыптасқан. Сондықтан да, Кибернетика тірі орга-низмдердегі басқару функциялары мен техникалық құрылымдар арасындагы ұқсастықты пайдаланады. Қазіргі кибернетиканың мәні, ең алдымен, өндірісті және адамның формалданған ой еңбегінің барлық түрлерін автоматтандыру, биологиялық жүйелерді басқару 'мен реттеуді (гормондық, жүйкелік, тұқым қуалау механизмі) моделдеу тәсілі арқылы зерттеу, жаңа типті медициналық және басқа да аппаратуралар жасау мүмкіндіктері тұрғысыпаи анықталады. Сондай-ақ, Кибернетика әдістерінің экономиканы және басқа да адам қызметі салаларына зерттеуде алатын орны ерекше. Табиғаттың сан алуан объектілерінің Кибернетикалық әдістерде кеңінен қолданылуы субъективтілік ылаңның нәтижесі емес, қайта оның өзіне тән негізі бар, ол — тірі организмдер мен математикалық сипаттауга және зерттеуге болатын жасанды жүйелердің функциялары мен структураларының арасындағы кейбір ұқсастықтарға байланысты. Бұл жерде синтетикалық пән бола отырып, Кибернетика ғылымдардың өзара әсерлесуінің жаңа түрдегі мысалы бола алады. Ол материяның қозғалыс формалары, бейнелеу теориясы және ғылымдарды топқа бөлу жайындағы ілім саласында философиялық жалпылау үшін материал береді. Кибернетиканың дамуы көптеген философиялық сипаты бар жалпы методологиялық проблемаларды: адамның ой-толғанысы мен кибернетикалық машиналар қызметтерінің арақатынасы жайындағы, информация табиғаты және оның физикалық зитропия ұғымымен байланыс жайындағы; философиялық ұйымдасқан мақсатына бейімделген, тірі және тағылым ден аталатындардың мәні жайындағы проблемаларды талқылауды алға қояды. Осындай проблемалардың төңірегіндө әртүрді философиялық ағымдар арасында күрес өрістеді. Мысалы, идеалистік философия психикалық қызметті зерттеудің объективтік әдістерінің мүмкіндігін жоққа шығара отырып, осы қызметтің кейбір маңызды белгілері мен механизмдерін ашуға мүмкіндік туғызған кибернетиканың нәтижелеріне қарсы шықты. Диалектикалық материализм кибернетикалық ұқсастықтардың объективтік дәлелін көрсете отырып, сонымен бірге адам мен машинаны, адам сапасы мен кибернетикалық системалар функцияларын теңдестірудің қате екендігіи ескертті.