lat: KADR BÓLİMİ
ұйымның қызметтік бөлімшесі, әдетте директордың кадр бойынша (персоналды басқару бойынша) орынбасарына бағынады.
Негізгі міндеттері: кадрлық саясат жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру және соған сәйкес жұмысшы кадрларды, басшыларды және мамандарды іріктеу, таңдау, тағайындау, зерттеу және пайдалану; тұрақты ұжым қалыптастыруға қатысу; кадрлық резерв жасау және онымен жұмыс істеу; кадрларды есепке алуды ұйымдастыру.