көп жылдық крестігүлділер тұқымдасына жататын, Ресей теңіздерінің жағалауларында және Батыс Еуропада өсетін өсімдік. Көктемгі жапырақ сабақтары спаржа тәрізді көкөніс. Тағамға татар катранының балғын бұтақшалары, шығыс катранының шикі жапырақтары қолданылады. Қырымда катранның диаметрі 3-7 см болатын тамырларын ертеден тағамға пайдаланады. Қырым катраны емдік қасиеті жағынан түбір тамыр тәріздес, ал химиялық құрамы жағынан одан жоғары. A, С, В, Р, В2, Р, витаминдері мол. Аспаздықта катран тамыры шикілей және консервіленген күйінде пайдаланылады, оларды әр түрлі соустарға, салаттарға, қияр тұздағанда салады.