lat: KEŃES
(пар. кенгаш كنگاش)
1. Ақылдасу, кеңесу.
Осында Пайғамбарымыз расул Алла, Құрметті асхабпенен кеңес қыла («Қисса Бәдір». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
Екеуі сол арада кеңес қылды, Екеумізден һамра асыл болды («Қисса Һамра, Хұсрау патша». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Жиылып алпыс жігіт кеңеседі, Әзәзіл кірді шайтан екі араға («Қыз Жібек» (Шеге ақын нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).
2. Ақыл.
Көрген соң бәйіт қылып шығарсам деп, Бір азырақ көңіліме салдым кеңес («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Бұлайша кеңес -ақыл ойладылар, Жүсіпке ғабрише сөйледілер («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Хоршаһрадан айтайын біраз кеңес, Құлақ салып, жамағат, сөзім тыңда («Қисса Тәжбақыт-Хоршаһра қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).