lat: KEDENDİK ALYP JÚRÝ RÁSİMİ
кеден органдары лауазымды тұлғаларының кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін, сондай-ақ бір кеден органының қызмет аймағында алып жүруі.
Кедендік алып жүруді кеден органдары кеден органы лауазымды адамының жазбаша шешімі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша өткізілетін тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етудің айрықша шарасы ретінде қолданады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру рәсiмi халықаралық шарттардың тауарлар мен көлiк құралдарының ішкi кедендiк транзит рәсiміне сәйкес баратын кеден органына дейiн транзит және жеткiзiлуi жөнiндегі ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн шара ретiнде тауарлардың жеткiзiлуi мен транзитiне қойылатын талаптарына, Қазақстан Республикасында ратификатталған транзит және жеткiзу жөнiндегi халықаралық шарттарда көзделген жеткiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуымен кепiлдiк берiлмейтiн жағдайларда қолданылады.