lat: KEDENDİK BAJDARDY TÓLEÝ MERZİMDERİN ÓZGERTÝ
белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.
Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту – мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды.
Өнеркәсіптік қайта ұқсатуға арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу бойынша мерзімі ұзартылады немесе мәулеттік мерзім беріледі.