КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ

lat: KEDENDİK RÁSİMDEÝ

тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы; тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режимімен орналастыру және Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде анықталатын тәртіппен осы режимнің қолданылуын аяқтау рәсімі.

Кедендік рәсімдеу тәртібі, кеден органдары мен кедендік рәсімдеудің басқа қатысушылары жүзеге асыратын іс-шаралардың тізімі тиісті нормативтік актілерде белгіленеді.