КЕДЕНДІК РЕЖИМ

lat: KEDENDİK REJIM

Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мақсатында кедендік режимдердің мынадай түрлері белгіленеді:

1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;

2) тауарлардың кері импорты;

3) кеден қоймасы;

4) бажсыз сауда дүкені;

5) тауарларды кедендік аумақта ұқсату;

6) тауарларды еркін айналыс үшін ұқсату;

7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде ұқсату;

8) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;

9) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;

10) тауарлардың экспорты;

11) тауарлардың кері экспорты;

12) тауарлар транзиті;

13) тауарларды жою;

14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;

15) еркін кеден аймағы;

16) еркін қойма;

17) арнайы кедендік режим.