lat: KELBET
(пар. кәлбад کالبد)
1. Бет-әлпет, түр.
Жібекжан, ешкімнен туа бермес сіздей перзент, Бітіпті хор қызындай саған келбет («Қисса Қыз Жібектің хикаясы». Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).
Хор қызындай нұры бар, Келбетіне тең келмес, Иранбақта перілер («Рүстем-Зораб». Қисса-дастандар, 1986).
Рақым ет, келбетіңе кетті көңлім, Ышқыңа ықылас етіп алма мойын («Кете Жүсіп Ешниязов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).
Тиді келіп бір жаһи, Келбетіне қарасаң, Қызарады, бөртеді («Айсаның ұлы Ахмет». Қырымның қырық батыры. 2005).
2. Тұлға, кескін, мүсін.
Әли екенін танып едім келбетінен, Артық кісі Пайғамбар үмбетінен («Қисса Наушарун». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық). Келбетіне қарасам, Қамқапты таңдап кигендей («Алпамыс батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).