мал-мүлікке байланысты дау шыққанда екі жақты келісімге келтіруші үшінші адам. Кепіл болу үшін екі жаққа да беделі бар адам таңдалып, ол қарыз алушының қарызын уақытында төлеуін қадағалап отырған. Осыған байланысты өз малын кепілдікке тікпей, кепіл ретінде уәде берген адам – жай кепіл деп аталса, қарыз алушы төлей алмаған жағдайда өз мал-мүлкінен төлейтін адам – зер кепіл делінеді. Қарыз төлеуші мен зер кепілдің шамасы жетпесе бүкіл ру жауап береді. Себебі көшпелі өмір салтында мал-мүлікке байланысты қарызды төлемеген адам қылмыс жасағанмен бірдей жауапқа тартылған.