lat: KEPİL
мiндеттемеге сәйкес кредит берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы мүлiк тиесiлi кредитордың (кепiл берушiнiң) басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз етудің әдiсi.
Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын зат: азаматтық айналымнан алынған мүлікті; Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды; электр, жылу және өзге де энергия түрлерін; тез бұзылатын тауарларды; мүліктік құқықтарды; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті; өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін.
Кепіл заттың рыноктық құны кеден төлемдерін және салықтар төлеуді қамтамасыз ету мақсатында, кеден төлемдері мен салықтар жөніндегі міндеттемелердің мөлшерінен төмен болмауға тиіс, оларды төлеу, кепіл затты сату шығыстарын қоса алғанда, кепіл затпен қамтамасыз етіледі.
Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде кепілге салынатын зат кепіл берушіде қалады.
Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл рәсімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.
Кепілді рәсімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кепілге салынған затты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.