lat: KEPE
ертеректе қабырғалары жерден қазылып, шымнан немесе балшықтан қаланған, төбесіне ағаш, қамыс тастап, лаймен сыланған баспана түрі. Мұндай үйлердің түрін жеркепе, жертөле деп атаған. Оны өзен, көл жағалауларында диқаншылықпен айналысатын егіншілер уақытша баспана ретінде пайдаланған. Сонымен қатар, аңшының дала жағдайында жасап алатын уақытша баспанасы кепе деп аталған. Оны жасау үшін жерге қадалған сырықтардың басын қосып, сыртынан ағаш бұтақтарын тастап, шөп-шалаңмен жабады.