КЕРЕГЕ-

lat: KEREGE

киіз үй сүйегінің талдан, жіңішке қайыңнан жасалған төменгі қабырғасы. К. көздері көлеміне қарай тор көзді (кішкене), жел көзді лкен) болады. Ауқатты адамдар К-ні әр түрлі бояумен сырлатып, басын ішкі жағынан сүйекпен, күміспен әшекейлеткен. К санына қарай киіз үй 4,6,8,12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының керге саны 30-ға дейін жеткен. «Барлық ауылда да к е р е г е л е р бір шамаға жайылып, шаңырақтар бір уақытта көтеріліп, уықтар қатар шаншылады. Қызыл жосамен боялған ағаш үйлердің сүйегін жиілеп шаншылған уықтар айқындап көрсетеді» («Еңісте»).