КЕРЕГЕ

lat: KEREGE

Ағаштан тор көздеп жіңішке қайыңнан жасаған киіз үйдің жиналмалы қабырғасы. Кереге көздерінің көлеміне қарай: тор көзді (кішкене) және жел көзді (үлкен) болып екіге бөлінеді. Top көзді керегеде уық байланатын 20 бас, жел көзді керегеде 17 бас болады. Жиюлы керегенің биіктігі 2 метрдей, ені 75 см-дей болады. Ал жазған уақытта биіктігі төмендеп, ені 2-2,5 метрге дейін созылады. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жеткен.