lat: KEREK /262/
мод. 1 . Қажет . Асығу керек,
Асығу керек қалайда! Уақыт саған қарай ма?!
Асығу керек .
Асығып жеткен арманның Аппақ сәулесі,
Түссін де тұрсын самайға (2,139).
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
Жасыңа да, кәріңе! Кімге қан керек ?
Ішуге емес, дәріге (2,358).
2 . Солай болған сияқты, шамасы .
Есі-дертін екі ұлға кезек бөліп,
Кетсе керек әжем де тезек теріп.
Тойып алсам, томпиып жатады екем,
Шамалы екен шешемді мезі еткенім (1,231).
Алайда әрбір қалам иесіне абай боп, байыппен қарап, барын бар, жоғын жоқ деп айтудан сауап еш нәрсе болмасқа керек (4,265).