КЕСЕ, КИСЕ, КИСӘ

lat: KESE, KISE, KISÁ

(пар. касе كاسه) шай ішетін шыны, пиала.

Қолындағы кесесін берді маған: Сен бір ғаріп задасың, әй, наужуан («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Дүр-жауһар қолында кеселер бар, Есікте Мансұр тұрды бәрін көріп («Қисса Мансұр әл-Халаж». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Мал үшін, ерім, қапа болмашы зар, Дүкенімде жүз кисе ақшалық мал («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Сонда ақсақал кисәсін қолға алды, Екі гауһар ораған қағаз алды («Қисса Шеризат». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).