КЕШІК

lat: KESHİK

зат. Түркі мемлекеттері мен Шыңғыс хан империясындағы билеүшінің жеке өзіне багынатын жасақ, гвардия, күзет әскері. Алғашқыда кешік әскер құрмындағы әртүрлі дәрежедегі туркаут (торғауыт), кебтеут, хорчи (мерген), даяшы (аспаназы, бауыршы), атбегі (ахташы) т.б. адамдар арасынан таңдап алынды (ҚҰЭ). 1206 ж. Шыңғыс хан бұрынғы түркі тайпаларынан бір орталыққа біріккен мемлекет құрғаннан кейін өз кешігін қайта жасақтап, адам санын 10 мыңға жеткізді (ҚҰЭ). Бақшада алтын хауыз, шешек өсіп, Әртүрлі алма, құрма жеміс пісіп. Ашылса неше түрлі күй тартады, Салады он түрлі әнге әлгі кешік (Әсет, Шығ.).