КЕШІК

lat: KESHİK

ет. Кеш қалу, мерзіміне үлгермеу. Жас қыздың өтер күні де бүгін, өтер сағаты да осы. Бір минут кешікпепті (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Көлдің ерке құстары, Жүрегімнің құштары. Келеді олар кешікпей, Кетісімен қыс қары (С.Мәуленов, Алыс кет.). Дүние бізге қарап... кешіккендей, «Түр-түрлар...» жаңғырығып, өшіккендей Қалшылдап тұратынбыз дір-дір етіп, Дауысын әзірейілдің есіткендей (С.Жиенбаев, Алтын қалам). Өмір сүру мүмкін емес өшігіп, Орта жолда мүдірмесін көш үміт, Ашуланба, ақылды жар, Азамат Анда-санда келсе үйіне кешігіп (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).