ет. Кешірілу. Сіз деп айтайын, сізге бәрі кешілген (С.Бегалин, Уақыт.). Дәл бүгін бір айыбы болған жандай, Отырды айналаға қарай алмай, Бір кешілмес іс еткен кісідей боп, Ақырын дей береді... ай, ... ай! (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға). Отарба, аэроплан, тракторды, Жыр қылдым, ұялтсаң да, кекеп мені. Бірақ та кешілмейтін қуыр күнәм, Бақылап жүре алмадым, досым сені!.. (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Қадырым қашты. Шер құштым. Шетқақпай көрдім. Кешілмесімді келмейді тақпақтай бергім. «Үріп ауызға салғандай». Оны айтар. Менше: «Үп десең, Ұшып кететін бақбақтай», дер кім? (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).