КЕШІРІМ

lat: KESHİRİM

зат. 1. Басқа біреудің істеген қылмысына, әбестігіне, айыбына тцсіністікпен қарау. Кешірімі, мейірімі жоқ екенін Көкше неше жерде көрді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Өзгеге болса да, саған еш кешірімім жоқ! Маған титтей де болса жаның ашып, ар-абыройымды ойлайтын болсаң, мұның бірін де істемес едің (Ө.Қанахин, Жер бас.). Бассыздыққа қандай кешірім болады? (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). 2. Сотталган адамдарды мемлекет басшысының немесе өкіметтің жогаргы орнының жазадан және оның цщыцтыц салдарынан толықтай немесе жартылай босатуы, ақтауы. «Мәртебелі мырзалар, ереуіл ұйымдастырып бас көтерген Қасым ұлы Кенесары сұлтанның осы жіберіп отырған хатынан, егер патша ағзам оған кешірім істесе, оның бізге мойынсынып бағынатынын өздеріңіз де көріп отырсыздар» (І.Есенберлин, Қаһар).