КЕШІРІМДІ

lat: KESHİRİMDİ

кек сақтамайтын, мейірімді, кешіре білетін. Көршім, маған келгенде, кешірімді-ақ (К.Асанов, Сағыныш). Ақылың бар еді ғой, құлыным, әкеңе кешірімді бол! (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Қызықсың өзің де, кесені сындырмай айтуыңа болмады ма? Сен қашан менің ауызекі айтқаныма құлақ салып ең? Құлақ салсаң есітер ме едің. Қай ән еді, әлгі бір ән бар еді ғой? «Кей мінезді алмадың сен кешіре, қоштас күліп, қамығасың несіне», деуші ме еді? Сол айтқандай бір-бірімізге кешірімді бола алмаған шығармыз ( С.Мұратбеков, Жабайы.). 2. Кешірерлік, кешіруге болатын. Жамандық екі түрлі: кешірімді жамандық бар, кешірімсіз жамандық бар. Кешірімді жамандық тек кемшілік болады да, кешірімсіз жамандық айып болады (А.Байтұрсынов, Шығ.). 3. діни. Рақымды. Я, кешірімді Алла, менің алдыңғы және соңғы күнәларымды кешіре гөр («Ана тілі»).