КЕШІРІМПАЗ

lat: KESHİRİMPAZ

сын. Кешіргіш, кешіре беретін, кекшіл емес, мейірімді. Бір есептен, әйелге біткен жұмсақ, кешірімпаз мінез де бар, бұл да эсер етеді (А.Байтанаев, Дала сыры). Әйтеуір сол тұста Әбсаттар елден ерек кешірімпаз, жұмсақ еді (О.Сәрсенбаев, Жиде.). Адам баласы кешірімпаз келеді ғой, бәрін де кешірер, бәрін де ұмытуға тырысар (І.Есенберлин, Қатерлі.).